Хабар телеарнасы

Қостанай облысында ЖРВИ өршіп тұр

Қостанай облысында жедел респираторлық-вирустық инфекция өршіп тұр. Соңғы аптада өңірде төрт жарым мыңға жуық адам осы ауруға шалдыққан. Мамандардың болжамынша, вирус жұқтырғандардың саны алдағы күндері арта бермек. Қазір өңірде осы дертке қарсы екпе егу жүріп жатыр. Ол қарашаның 15-іне дейін жалғасады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджет есебінен 85 мың дана вакцина сатып алынды. 

Гүлім Досымова, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Тұмау әдетте қараша, желтоқсан айларында белең ала бастайды. Желтоқсанның аяғы, қаңтардың басында шарықтау шегіне жетеді. Аурудың алдын алудың тиімді жолы вакцина егу. Ол эпидемиологиялық кезеңде нақты бір вирусқа қарсы иммунитет қалыптастырады.