Хабар телеарнасы

Қостанайдағы элеватордың алдында ұзын-сонар кезек

Жүк көліктері астық тапсыру кезегін тәуліктеп тосуға мәжбүр. Оған негізгі себеп — астықтың жоғары ылғалдылығы. Диірмендер тікелей алқаптан келетін бидайды қабылдамайды. Сондықтан бар ауыртпалық элеваторларға түсіп отыр. Облыста 37 астық қабылдау пункті бар. Олардың жалпы сыйымдылығы 3 миллион тоннаға жетеді. Соңғы бір-екі аптада күн ашылып, егін орағы екпін алды. Алайда әбден ылғалға бөккен астықтың биыл сапасы біршама төмен. 

Сапарбек Мұқанов, көлік жүргізуші:
-Мен сағат кеше сағат 10-да келдім. Содан бері тұрмын. Әлі кірген жоқпын. Көбісі мельницалар алмайды. Өйткені 5-ші класс. Көбісі неклассный келе жатыр қазір. Кейде күніне бір рейс істейміз. Кейде бір рейсте істей алмаймыз. Тұрып қаламыз.