Хабар телеарнасы

Түркістанда 29 автоматты газ тарату станциясы жұмыс істейді

Оның 9 биыл қайта жаңғыртылды. Сала мамандары өңір халқын қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Облыстағы 833 елді мекеннің 470, яғни 56% газбен қамтылған. Өткен маусымда өңірде 83 жазатайым жағдай болып, 14 азамат ажал құшты.

Ал Қонаев қаласында 3,5 шақырым жаңа жылу магистралі салынып жатыр. Жұмыс желтоқсан айында аяқталуы тиіс. Жаңа магистарль іске қосылған соң қолданыстағы жылу жүйесіне түсетін қысым 80% жеңілдейді. Жалпы жылу жүйесіне қаладағы 245 көпқабатты үй қосылған.

Балқашта қалаішілік жолдар қалыпқа келтіріліп жатыр. Мұндағы жолдың 55%  әбден тозған. Сол себепті биыл туристік қаладағы 15 шақырым жол жөнделді. Келесі жылы бұдан 1,5 есе көп жол қалпына келеді. Инфрақұрылым да жаңаруда. Бұл жұмысқа 1,5 млрд теңге бөлінген.