Хабар телеарнасы

Қызылордада жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі ашылады

Келер айда Қызылордада жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі ашылады. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жасанды интеллект жоғары мектебін ашу жұмыстарына Сеулдегі ұлттық ғылым және технология университетінің мамандары көмектеседі. Кореяның ұлттық зерттеу қоры мен білім министрлігі 2029 жылға дейін жоспарланған бұл жобаға 1 миллиард теңгеге жуық грант бөлді. Жоба аясында Қызылордаға Кореядан заманауи зертханалық құрал-жабдықтар жеткізіледі. Осылайша Қазақстандағы жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі Сеул университетінің филиалына айналады. Жоба өз кезегінде өзге елдердің студенттерін қызықтырып, Қызылорданы аймақтың IT орталығына айналдыруы мүмкін.

Бейбіткүл Кәрімова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры:
-Кореяның осы университеттің мамандары келу арқылы және инфраструктуралық бағытта да қолдау болады. Бірінші кезекте біз өзіміздің мамандарды оқытатын боламыз және осы жақтағы шақырған профессорлардың көмегімен әлеуетімен осы жобаны Қазақстанда жүзеге асырамыз.