Хабар телеарнасы

ШҚО-да үйінді астында қалып қойған кенші жансақтау бөлімінде жатыр

Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс кенішінде үйінді астында қалып қойған шахтёр жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Дәрігерлердің айтуынша, 32 жастағы азаматтың бұлшықетіне зақым келген. Сондықтан емдеу шараларына ең білікті травмотолог, невролог, хирург мамандар жұмылдырылды. Естеріңізге салсақ, кеше Глубокое ауданындағы кеніште оқыс оқиға болып, екі жұмысшыны топырақ басып қалған еді. Бірі аман шыққанмен, екіншісі 7 сағаттай үйінді астында жатып қалған. Мамандар оны топырақтан аршып алғанмен, аяғы темірге қысылып, құтқару операциясы ұзаққа созылған. Тек кеше кешке шахтер облыстық ауруханаға жеткізілді.

Айдос Күнияров, облыстық аурухананың травматолог дәрігері:
-Көбінесе мына екі аяғы қысылған,14 сағат бойы қысылу болған, сол себепті қысылған кезде біраз аяқ бұлшықеттері зақымданған, сол себепті жалпы жағдайына бұл кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан жағдайы ауыр боп саналады.