Хабар телеарнасы

Елімізде 337 мың ақбөкенді ату немесе торға түсіру жоспарланған

Осы күнге дейін елде ресми түрде 14 киік атып алынған. Бұл жұмыс әлі де жалғасатын болады. Экология министрлігі рұқсат та берген. Бұл жөнінде Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты. Қазір ведомство ақбөкендердің популяциясын реттеу бойынша биологиялық негіздеме беріп, 2 тәсілді қолдануды ұсынған. Оның біріншісі – киіктерді торға қамап бауыздап, етін зауыттарға тапсыру. Ал екіншісі – жануарларды атып алу. Осы екі тәсілмен бүгінде 100-ден астам киік ауланған. Министрліктің сөзінше, 337 мың ақбөкенді ату не торға түсіру жоспарланған. Себебі қазір олардың саны 2 млн 600 мыңнан асады. Дала кезген жануарлар егіндерді таптап кетіп, шаруаларға шығын келтіруде. 

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
-Мемлекет қыруар ақша салған себебі – осы киіктің санын сақтап қалу. Біз сол критический деңгейден өтіп кеттік. Бүгін енді бізде басқа мәселе туындады, енді реттеу. Көп күн ылғал болып, машиналар жүре алмады. Сол себепті біз тоқтатып қойды.