Хабар телеарнасы

Шымкентте шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа жеккен үш адам қамауға алынды

Шымкентте шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа жеккен үш адам қамауға алынды. Полиция департаментінің мәліметінше, Шымкент қаласы және Түркістан облысы тұрғындарының үстінен заңсыз бас бостандығынан айыру, өзінше билік ету бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ал құлдықта болған 60-тан аса Өзбекстан азаматының жеке басы анықталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олар кірпіш зауытында еркінен тыс жұмыс істегендері белгілі болды. Яғни еңбектері үшін жалақы төленбеген және құжаттарын алып қойған. 

Құдияр Нұрсейітов, қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары:
- Қазіргі таңда Өзбекстан Республикасының 25 азаматы «Сана-сезім» қоғамдық бірлестігінің қамқорлығына алынып, қалған азаматтар жеке басын анықтайтын құжаттары болмауына байланысты Шымкент қаласы Полиция департаментінің қабылдау-тарату, орналастыру орталығына орналастырылды. Осы іс бойынша күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.