Хабар телеарнасы

Қызылорда халқы соңғы 10 жылда 105 мың адамға көбейген

Ал облыс тұрғындарының саны 850 мыңға жуықтап қалды. Сырбойылықтардың 47% қалада тұрса, қалғандары ауылдық жерлерге қоныстанған. Демографиялық оң динамика қалыптасқан өңірде жыл басынан бері 14 мыңдай нәресте дүниеге келді. Өткен жылдармен салыстырғанда сәби шетінеуі азайған. Некеге тұру көрсеткіші ажырасумен салыстырғанда 10 есе артық. 

Қайрат Әбсұлтанов, облыстық Статистика департаментінің басшысы:
-Үстіміздегі жылдың 8 айында некеге тұрғандар саны 2962, ал ажырасулар 253 құрады. Көші-қон қызметі органы ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2023 жылдың қаңтар-тамызында облысқа тұрғылықты келгендердің тіркелу саны 16288 адамды, облыстан кеткендер саны 20762 адамды көші-қон айырымы 4474 адамды құрап отыр.