Хабар телеарнасы

Шымкентте Республика күніне орай 320 келі палау пісірілді

«Достық дастарханын» жаюға Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдері мен Тараз, Алматы, Түркістан қалаларынан барған аспаздар атсалысты. Дәстүрлі шара 2010 жылдан бері Өзбек этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп келеді. 44 қазанға дайындалған ас жергілікті тұрғындар мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тегін таратылды. 

Абыт Қасымов, қазылар алқасының мүшесі:
-Палау пісіру мәдениетін, дәмін төрт номинация бойынша тексеріп жатырмыз. Палаулар өте керемет. Бірінен бірі асады аспаздар. Біреуі ғана жақсы екен деп айта алмайсыз. Өйткені бәрі керемет.