Хабар телеарнасы

Шымкентте 201 отбасыға тұрғын үй сертификаты берілді

Шымкентте 201 отбасыға тұрғын үй сертификаты берілді. 1 миллион теңге көлеміндегі әлеуметтік қолдау, баспананың алғашқы жарнасын өтеуге бағытталады. Мұндай жеңілдік үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар мен асыраушысынан айырылған және ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-анасына жасалды. Бюджеттік ұйым қызметкерлері де, қайтарымсыз қаражатқа ие болды. Оларға мемлекеттік бағдарлама аясында салынған жаңа баспаналар ұсынылады. Сертификатқа өтініш беру әлі де жалғасып жатыр. Биыл бұл мақсатта бюджеттен 400 миллион теңге қаражат бөлінген. Әлеуметтік қолдау баспанамен қамту операторының келісімімен жүргізіледі. Қалада үй кезегіне 50 мыңнан астам азамат тұр. 

Нұржан Сарғалдақов, қалалық Тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары:
- Биыл жыл басынан бері тұрғын үй сертификатын алу үшін 370 өтініш келіп түсті. Соның ішінде 201 азаматқа тұрғын үй сертификаты берілді. Бұл жағдайда айта кететін мәселе отбасының жиынтық табысы көнкөріс деңгейі 3/1 еселенген мөлшерден аспаған жағдайда, яғни 125 757 теңгеден аспаған жағдайда беріледі.