Хабар телеарнасы

СІМ: Газа секторында 76 қазақстандық бар

Қазір Газа секторында Қазақстанның 76 азаматы жүр. Отбасы мүшелерімен бірге 161 адам бар. Бірақ оларды елімізге жеткізу әзірше мүмкін болмай тұр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Себебі 76 адамнан өзгесі заң бойынша жергілікті тұрғын саналады. Шетелдік азаматтардың соның ішінде қазақстандықтардың отбасы мүшелерімен шығуына байланысты Мысыр мен Израиль тарапынан белгілі бір талаптар бар.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
-Осыған орай біздің кейбір азаматтарымыз отбасы мүшелерін алып кету мүмкіндігі болмағандықтан Газа секторынан кетуге дайын емес. Біз Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мүмкіндігінше тезірек жасау үшін барлық күш-жігерімізді салып жатырмыз. Азаматтарымыз Мысыр шекарасынан өткеннен кейін арнайы эвакуацияға біз дайынбыз.