Хабар телеарнасы

Қызылордада қаржы пирамидалары әшкереленді

Қызылордада Q-Net пирамида ұйымына қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу аяқталды. 40 жәбірленушіге 53 миллион теңге залал толық өндірілген. Ал 47 миллион теңгелік мүлікке тыйым салынды. Сонымен қатар Chia Tai-Tianqing Pharmaceutical қаржы пирамидасының Қызылорда қаласындағы құрылымдық бөлімшесін басқарған күдікті қамауға алынды. Ол — 31 жастағы қызылордалық келіншек. Бұл компания өзін инвестициялық ұйым ретінде таныстырған. 26 азамат мұнда 26 миллион теңгеден астам қаржы салып, табыс табамыз деп ойлаған. Алайда алаяқтарға алданып қалғанын кеш түсінеді. 

Ерлан Қасқырбайұлы, облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы:
-Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта бас шарасы күзетпен ұстау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс қазіргі уақытта тергелуде. Сотқа жолдану сатысында. Бүгінгі күнге дейін ағымдағы жылы департаментпен 5 қылмыстық іс тіркелді.