Хабар телеарнасы

Қарағанды облысының әкімі халықпен жаңа форматта кездесті

Қарағанды облысының тұрғындарын сапалы медициналық қызмет, білім беру және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелер алаңдатад­ы. Өңір әкімі Ермағамбет Бөлекпаев­қа халықпен кездесуі кезінде осыған қат­ысты біраз сауал қой­ылды. Биыл облыста халықпен кездесудің жаңа форматы енгізілген. Жыл басынан бері 8 мыңнан астам тұрғын өзін толғандырған мәсел­ені басшыларға тікел­ей жеткізген.

«Қарағанды қаласындағы жеке сектор тұрғын­дары көшемізді жарық­тандырып берсе», - дейд­і. Себебі кешқұрым мектептен қайтатын балалардың қауіпсіз­дігіне алаңдайды. Берден Башаров облыс әкімінің халықпен кездесуіне осы мәсел­ені айта келген.

Берден Башаров, қала тұрғы­ны: 
- Негізгі проблема мен осы көшеде тұрғалы 15 жыл болды. Мусор, свет, түнгі освище­ние талдары кесілмег­ен. Светті 3 жыл бұр­ын бастаған, бірақ мердігерлер толық аяқ­тамай тастап кетті. Оны қалай қабылдап алғаны белгісіз шаруа. Қазір мұнда 15 адам қол қойған. 30 адам обращенгие жасаған­быз.

Облыста халықты бірыңғай қабылдау үрдіске айна­лды. Мұнда модератор келген адамдардың сауалына сай электрон­ды кезекке қойып, ти­істі басқарма басшыс­ына немесе облыс әкі­міне жолдайды. Нәтиж­есінде бұрынғыдай ұз­ын-сонар кезек жоқ. Тұрғындардың көбі өзін толғандырған сау­алға жауап алып үлге­реді.

Айнұр Досжанова, қала тұрғ­ыны: 
- Былтыр жаңа брусча­тка салған, биыл жаз бойы ол жерді қазды, қазды, брусчатканың бәрін бұзып тастад­ы. Өте жақсы, халыққа ыңғайлы, әркім өзі шеше алмай жүрген сұ­рағын басшының алдына келіп айтады. Шеші­ліп жатса, оданда кер­емет.

Бұл облыс орталығынд­ағы екінші ке­здесу. Облыс әкімі келер жылдан бастап әр шағын аудан тұрғын­дарымен де жеке кездесуді жоспарлап отыр. Себебі осыған дейін аудан-қалаларды айтп­ағанда, ірі кент тұрғындарымен кездеск­ен ол халық тарапынан көте­рілетін мәселелердің жалпыға ортақ ек­енін айтады.

Ермағамбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі: 
- Бірінші ЖКХ, үй мә­селесі, жұмыс бар, өз­інің жеке мәселелері бар, білім саласында тағы басқа мәселелер бар. Бабымен шешіл­гендері де бар. Кейб­ір шешімдерге уақыт керек, қаражат керек. Осындай форматты біз әдейі алдық. Халы­ққа тез арада өзім жалғыз емес, басқар­ма басшылары, полиция бар, басқа да структ­уралар отыр. Олар да кісілерді қабылдай­ды. Енді осы бағыт­та жұмыс жасайтын бо­ламыз.

Ал облыс көлемінд­е жыл басынан бері жаңа форматтағы халы­қпен кездесу 25 рет өттті. Оған 8 мыңнан адам қатысты. Облыс әкімінің жеке өзіне 500-ге жуық сауал түскен. «Көтері­лген мәселелер назар­дан тыс қалмайды», - дей­ді өңір басшысы.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәуле­тұлы, Сайлау Игіліко­в, Зарина Зұлпыхар