Хабар телеарнасы

Қарағанды облыстық ауруханасында 40 жастағы ер адам уколдан кейін көз жұмды

Қарағанды облыстық ауруханасында 40 жастағы ер адам уколдан кейін көз жұмды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау комитеті жоспардан тыс тексеріс жүргізіп жатыр. Сот медициналық сараптамасынан кейін науқастың антибиотикке аллергиясы болғаны анықталған. Марқұмның туыстарының сөзінше, «ЦЕФ-3» және «новокаин» препараттарына аллергиясы бары дәрігерлерге алдын ала ескертілгенімен, укол жасалыпты. Салдарынан тік ішекке жоспарлы операция жасатуға барған азамат тіл тартпай кеткен. Артында әйелі мен 3 баласы қалды. 

Ардақ Бейсова, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті ҚОФ бас маманы:
-Ота кезінде асқынулар болмау үшін және профилактикалық мақсатта науқасқа 1 дозалық ЦЕФ-3 дәрілік заты тағайындалады. Бірақ оның алдында отадан бұрын тері ішілік сынама жасалады. Оның қорытындысы бойынша ол теріс болып бағаланады. Науқасқа ота алдында ЦЕФ-3 дәрісі салынған. Сот медициналық сараптамасының болжамы бойынша науқас анафилактикалық шоктан қайтыс болған.