Хабар телеарнасы

Түркістандағы кәріз құдықтарына жаппай тексеріс басталды

Түркістандағы 4 жасар баланың өлімінен кейін өңірдегі кәріз құдықтарына жаппай тексеріс басталды. Оларды бақылау полицияның құзіретіне кірмегенімен, сала қызметкерлері өз аймағында орналасқан үйлердің кәріз құдықтарын тексеруге кірісті. Егер аузы ашық, айналасы толық жабылмаған, топырағы опырылып, адам өміріне қауіп тудырған жағдайда бірден үй иесіне ескерту жасап, кемшілікті жоюды тапсырды. Ал жол бойында орналасқан кәріз жүйелеріндегі ақауларды фотоға түсіріп, әкімдікке жолдап жатыр. Сонымен қатар рейд барысында тәртіп сақшылары темір қабылдайтын орындарға барып, ұрланған қақпақтарды сатып алған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Асылхан Төреханов, облыстық ПД жергілікті полиция қызметінің басқарма бастығы:
-Кіріз құдығының қақпағын өткізген азаматарымызға ҚР ҚК 188-бабымен жауапкершілікке тартылады. Соны ұрлық екенін біле отырып, қабылдап алған азаматтар ҚК 196-бабымен жауапкершілік қаралған.