Хабар телеарнасы

Алматыда «Желтоқсан – Тәуелсіздік жаңғырығы» көрмесі ашылды

Алматыдағы орталық музейде Тәуелсіздік күніне орай көрме өтіп жатыр. Музей қорында Желтоқсан оқиғасына қатысты 200-ге жуық жәдігер бар. Деректі материалдар Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың құжаттары сол бір қаһарлы күндерден сыр шертеді. Мәселен, КСРО Халық әртісі Әзірбайжан Мәмбетовтың көтеріліске қатысқанын дәлелдейтін деректер қойылған. Оның қанға боялған костюмі, жейдесі мен галстугі бар. Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков туралы құжаттарды да көруге болады. Көрменің ашылуына Желтоқсан оқиғасының куәгерлері қатысып, естеліктерімен бөлісті.

Талғат Тұрысбаев, Желтоқсан оқиғасына қатысушы:
-Мен мақтанышпен айтам да, 15 одақтас республикалар ішінде қазақтар бірінші көтерілді, қазақ жастары бірінші көтерілді. Кеңес Одағының бодауынан шығуға, егемендік алуға мұрындық болды. Мұның қасіреті мен қайғысы бар. Бірақ бақыты егемендік алдық. Сол азаматтар тарихта қалды.

Айгүл Мусина, Көрме және экспозицияларды ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі
-Қайрат Рысқұлбековке қатысты құжаттар, ату жазасына кесу туралы үкімі әкесінің жоғарғы сотқа жазған хаты, сондай-ақ Ербол Спатаевтың, Мырзақұл Әбдіқұлов, Бауыржан Шұғылов тағы басқа Желтоқсан қаһармандарының фотосуреттерін көре алды. Сондай-ақ Мұхтар Мағауин музейге тапсырған желтоқсан оқиғасына қатысушыларды жазалауға қолданған темір сойыл қойылды.