Хабар телеарнасы

Алматыда Sergek жаяу жүргіншілерді өткізбейтін жүргізушілерді тіркейтін болады

Алматылық жүргізушілер айыппұл арқалағысы келмесе, жаяулар жолағында абай болғаны жөн.

Бүгіннен бастап Сергек бақылау жүйесі жүргіншілерге жол бермегендерге, көліктің алдыңғы орынында қауіпсіздік белдігін тақпағандарға айыппұл төлетеді. Дегенмен көлік жаяу жолаушының ізін ала қозғалса, айыппұл салынбайды.

Биыл 11 айда 478 адам жаяуларға арналған жолақта көлік қағып, көз жұмған. Бұл жоба әзірге Алматыда пилоттық түрде іске қосылды. 

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы: 
- Жобаның мақсаты – жүргізушілердің тәртібін нығайту, жаяу жүргіншілер, оның ішінде балаларды қағып кету деректерін азайту. Талдау көрсеткендей, ағымдағы жылдың 11 айында жол апатында 556 жаяу жүргінші қаза тапты, оның 478 жаяу жүргіншілер өткелінде.