Хабар телеарнасы

Астанада енді су тапшылығы болмайды – Жеңіс Қасымбек

Айтуынша жаздағы проблемадан кейін жергілікті билік Астана су қоймасынан құбыр тартып, 90 мың текше метр ауызсу алған.

Одан бөлек сүзгі бекетінің құрылысы аяқталыпты. «Ал ол қосымша 100 мың текше метрден астам тіршілік нәрін таратуға мүмкіндік береді»,- дейді әкім. Осылайша қазір 3-4 жылға жететін қор бар екен.

Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:
- Оған қосымша 3 жобаны бастайын деп жатырмыз келесі жылы. Ол да 2 жылдың ішінде бітеді, толығымен аяқталады құрылыс жұмыстары. Ол 2030 жылға дейін кепілдікті беріп отыр бізге су мәселесі бойынша.