Хабар телеарнасы

Петропавлда жолдарды көктайғақ басты

Ауа райының қолайсыздығынан көшеде көлік түгілі адамдардың өздері аяңдап әрең жүр. Қазір коммуналдық қызмет жұмысшыларына дамыл жоқ. Қатқан жерге құм мен тұз сеуіп жатыр. Демалыс күндерінен бері қала бойынша 100-ден аса адам құлап, жарақат алған. Синоптиктердің айтуынша, ертең де дабылды ескерту жарияланады. Желдің екпіні секундына 30 метрге дейін күшеюі мүмкін.