Хабар телеарнасы

Ақтөбе облысында 8 ауыл газ желісіне қосылады

Биыл Ақтөбе облысында 8 ауыл көгілдір отынмен қамтылады. «Бүкіл Қазақстандағы инженерлік инфрақұрылымды толық жаңғырту – өте ауқымды әрі күрделі міндет»,— деген еді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатында. Бүгінде аймақта 323 ауыл болса, соның 169-ында көгілдір отын бар. Бұдан бөлек, өңірде ауыз су жеткізу және кәріз тазарту қондырғыларын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Нұршашқан Ізбасарова, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:
-Қазіргі таңда осы 323 елді мекеннің 282-нде таза ауызсумен қамтамасыз етілген және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2024 жылдың аяғына дейін барлық елді мекендер таза ауызсумен қамтылатын болады. Сондай-ақ экологиялық мәселелердің бірін шешетін ол біздің Ақтөбе қаласындағы кәріз тазарту құрылғысын салу болып табылады.