Хабар телеарнасы

ШҚО-да тұрғындар сусыз қалды

Қақаған аязда Риддер қаласының тұрғындары сусыз қалды. Су құбырын қалпына келтіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Громотуха өзенінің арнасына сырғыған қар көшкіні су жолын бөгеп тастаған. Қалың жауған қардың салдарынан коммуналдық сала мамандары бірнеше сағат бойы апат орнына жете алмады. Кешеден бері тіршілік нәрінен қағылған тұрғындарға су жерасты тоспасы арқылы беріледі. Ол үшін құбыр жүйесін жуып-шаю шаралары қолға алынды. «Коммуналдық қызмет көп ұзамай көпқабатты үйлерді сумен қамтамасыз етеміз»,— деп отыр.

Дәулет Батырбаев, Риддер қаласының әкімі:
-Кеше күн жылып, салдарынан қар көшкіні болды. Ол Громотуха өзенінің арнасын толықтай басып қалған. Бүгін таңнан бастап өзен арнасы қалыпқа келе бастады. Көп ұзамай қала қалқын сумен қамту жүйесі толығымен қалпына келтіріледі.