Хабар телеарнасы

ОКҚ алаңында саналы тәрбиеге арналған әлеуметтік жобалар талқыланды

Білім берудің Қазақстандық моделі. Мемлекет басшысының Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда тәрбие мәселесіне назар аударуы енді нақты іске айналды. Үкіметтік емес ұйымдар, Парламент өкілдері мен білім саласының мамандары «Орталық коммуникациялар қызметінде» бас қосып, осы бағыттағы жұмыстарға тоқталды.

«Сенімен болашақ» қоғамдық ұйымы көктем-жаз айларында 33 мыңға жуық ата-ана, 25 мыңдай жасөспірім арасында әлеуметтік сауалнама өткізіп, бала тәрбиесінің басты шарты – ата-анамен заманауи дұрыс қатынастың өріс алғанын анықтаған.

Ал Оқу-ағарту министрлігі болса жаңадан тәрбие департаментін құрып, бағдарламасын түзіп қойыпты. Яғни баланың бойына біліммен қатар құндылықтар да сіңірілетін болады.

Меруерт Медетбекова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры: 
– Бұл бағдарламаның құндылығы неде? Оның құндылығы – жалпы өзінің мақсаты, жалпы адамзаттың және де ұлттың сапасын көтеруге бағытталған. Ұлттық құндылықтарға негізделген. Және үш құндылыққа басымдық беріп отыр. Бұл – ар-ұят, талап және ұлттық мүдде.