Хабар телеарнасы

Turkistan-Аbu-Dhabi әуе бағыты іске қосылды

Бүгін Turkistan-Аbu-Dhabi әуе бағыты іске қосылды. Әбу-Дабиден ұшып шыққан ұшақ Түркістан халықаралық әуежайына келіп қонды. Жолаушылардың 40% шетелдік туристер. Әуе кемесінде 100 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған. Сондай-ақ Түркістаннан Әбу-Дабиге 200 адам ұшып кетті. Олардың барлығы қысқы демалысын жылы жақта өткізуді жоспарлаған отандастарымыз. Билет бағасы 20 мың теңгеден басталады. Биыл Түркістан - Түркі әлемінің туристік астанасы мәртебесіне ие болды. Қазір Түркістан әуежайы арқылы Ыстамбұл мен Эль-Кувейтке халықаралық және 6 ішкі рейс тұрақты қатынайды. 

Ахмед Баши, турист:
-Мен Дубайда тұратын үндістандықпын. Бүкіл әлем бойынша саяхаттаймын. Қазақстанға алғаш рет келуім. Былтыр Өзбекстанда болғанмын. Мен Қазақстанға 4 күнге келдім. Түркістан облысының тарихи-мәдени жерлері мен туристік орындарын көрсем деген жоспарым бар.

Ілияс Нұғыманов, Түркістан халықаралық әуежайының басқарушы директоры:
-Бұл рейстер аптасына 3 рет ұшады. Ары қарай жолаушыларымыз көбейіп жатса, ары қарай қарқыны өседі деп ойлаймын. Туризмнің дамуына өте керемет әсері бар. Басқа елдерден келіп жатқан жолаушылардың қарасы өседі деп ойлаймын.