Хабар телеарнасы

Алматы облысында екі нысан құрылысы бақылауға алынды

Алматы облысында бірнеше жылдан бері екі нысанның құрылысы тұралап тұр. Бірі - Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені болса, екіншісі - Райымбек ауданы, Жамбыл ауылындағы мәдениет үйі. Нысандарды салуға бюджеттен 2,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.

Облыстық құрылыс басқармасы басшылығының мәлімдеуінше, спорт кешенінің құрысы 2021 жылы басталыпты. Әкімдік жауапсыз мердігерді сотқа берген. «Жобаға түзетулер енгізілген соң, нысанның құрылысы наурыз айында қайта жанданады», - дейді мамандар.

Болат Жармақов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының міндетін атқарушы: 
- Бұл әлеуметтік нысан болғандықтан құрылыс жұмыстары мен бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына мониторинг жасалады. Мердігермен сөйлестік. «Бұл нысанды жыл соңына дейін салып бітіреміз», - деді.