Хабар телеарнасы

Шымкентте жол құрылысына қатысты 272 кемшілік анықталды

78 құрылыс алаңында жол жабындысының тығыздығы сақталмаған. Жауын жауса болды, көше жолы ойдым-ойдым болады. Бұл жергілікті халықтың ашу-ызасын туғызып отыр. Тексеруден соң көшелерге қайта асфальт төселіп, жауапсыз мердігерлердің кепілдік мерзімі ұзартылды.

Сондай-ақ жол құрылысы кезінде белгілер мен бордюрлер салу тәртібі бұзылған. Осыған қатысты 13 мердігер мен 10 техникалық қадағалаушы компанияға 26 млн теңге айыппұл салынды. Оның сыртында жол құрылысына қажетті қоспаның сапасын төмендеткен 10 бірдей асфальт зауытының ісі әшкереленді. 

Мұхтар Дүйсембеков, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК қалалық филиалының директоры: 
- Жол құрылысына әкелініп жатқан материалдардың бәрі өздерінің тарапынан тексеру керек. Бірақ өкінішке қарай бұл жұмыстарда жоқ есебі. Бұл да жаңағы 78 нысандағы нығыздау коэфицентінің сәйкес келмеуіне әсер етеді.