Хабар телеарнасы

Қарағандыда салынбаған жолды жөндеуге 328 млн теңге бөлінген

Қарағанды облысының прокурорлары теңгерімде жоқ жолды жөндеуге жарияланған конкурстың күшін жойды.

Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі бұл жұмысқа 328 млн теңге қаражат бөлуді жоспарлаған. Жергілікті билік болса қазір «Ақжарық-Аппаз» дала жолын теңгерімге алу бойынша құжаттар рәсімделіп жатқанын айтады. Бұл Ақтоғай тұрғындарының Қарқаралыға баруы үшін бұрынғыдай 500 шақырым жол жүрмей, төтелеп 40 шақырым жолмен жетуіне мүмкіндік береді. Сондықтан жергілікті билік пен халық аталған жол жөнделуі тиіс деп есептейді. 

Ерлан Түсіпов, облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры: 
- Жолдың бұл учаскесінде жергілікті және облыстық деңгейдегі құзіретті орган балансында жоқ екені анықталды. Қолданыстағы нормаларды бұза отырып, Ақтоғай ауданы экономика бөлімі құрылыс жобалық сметалық құжаттама жоқ тас жол салуға әрекеттенген.

Ардагер Қапашев, Ақтоғай аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
- Біздің атымыздан ЖСҚ және техникалық негіздеме бойынша құрылыс жүргізу үшін миллиардтаған қаржы керек болғандықтан ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 8 учаскеге су өткізгіш қою жоспарланған болатын. Ақпан айына дейін жолды балансқа алып, көктемде жұмыс бастау жоспарланып отыр.