Хабар телеарнасы

Қызылорда облысында күріш алқабы 5000 гектарға қысқарады

Бірақ аз егіп, мол өнім алуға басымдық берілмек. Ол үшін тың агротехнологияларды кеңінен енгізу жоспарланған. Мысалы, биыл лазерлік тегістеуден өткен күріш алқаптарының көлемін 68% жеткізу көзделіп отыр. Осылайша 15% суармалы су үнемделмек. Одан бөлек қысқа мерзімде пісетін, өнімділігі жоғары күріш тұқымдарын шетелден сатып алуға келісім жасалған. «Тіршілік нәрінің әр текше метрін есептеп, тамшылап суару технологияларын енгізу жобаларының да тиімділігі мол»,— дейді мамандар.

Самалбек Қосанов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты:
-Суды үнемдеуге септігін тигізетін дақылдарға көшудің бір қиындығы: бұл жерде оның көпшілігі қолмен жасалады. Дақылдарды егуден бастап, жинауға дейінгі аралықтағы механикаландыруға көшкен жағдайда, бұл диқандардың бетін бері қаратып, суды одан екі немесе үш, төрт есе аз пайдалануға мүмкіндік береді.