Хабар телеарнасы

Мобильді аударымдар қазір тексерілмейді

Жеке тұлғалардың мобильді аударымдары қазір тексерілмейді. Бұл іс тек 2025 жылы басталады. Қаржы министрлігі осы тақырып бойынша кезекті рет брифинг өткізді. Бұл жердегі жұмыс келесі тәртіппен жүреді. Банктер жиі ақша қабылдайтын адамдардың тізімін жасап, салық органдарына табыстайды. Айына жүз түрлі адамнан үш ай қатарынан бір тұлғаға аударым жасалса ол жасырын кәсіпкер болуы мүмкін. Бақылау шаралары соны анықтау үшін керек. Күдік расталса, ол азаматтар кәсібін заңдастырып, бір пайыздық салықпен жұмысын жалғастыра алады. Негізі барлық жеке тұлғаның келесі адамға мобильді аударым жасауына және қабылдауына шектеу жоқ. Тек жоғарыда айтқан саннан асып кетпесе болды. Бұл жерде ақшаның көлемі есепке алынбайды. Тек қаржылық операциялар бақыланады.

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:
-Бізде «Міне ертең барып барлығын тексереміз» деген мақсат жоқ. Олардың мағлұматын 2025 жылы тексереміз. Біз оған хаттама жібереміз. Неліктен осындай мобильді аударымдар болғаны жайлы түсініктеме жасайды.