Хабар телеарнасы

«Есірткісіз болашақ» қорының басшысы: Қазақстан есірткі көп қолданатын 10 елдің қатарында

Елдегі әрбір бесінші жас есірткі қолданып көрген. Тіпті Біріккен Ұлттар Ұйымы мәліметтерін қамтитын тәуелсіз зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстан әлемдегі есірткіге тәуелді 10 елдің қатарында 8-ші орында. «Есірткісіз болашақ» қорының басшысы Жандос Ақтаев осылай дейді. Оның сөзінше, елде есірткі мен психотроптық заттарға тәуелді 18 мыңнан астам адам тіркелген. Алайда бұл сандар нашақорлардың нақты санын көрсетпейді. Індетпен күресу үшін былтыр Ішкі істер министрлігінің күшімен 3 мыңнан астам Telegram арнасы бұғатталған. 36 тонна есірткі тәркіленді. 81 есірткі зертханасының жолы кесілді.

Анжела Бексұлтанова, ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті басқармасының басшысы:
-Қазір стационарларда 3500-нан астам нашақор емделіп жатыр. Оларды емдеу мен оңалту тегін негізде жүзеге асырылады. Бірақ басқалары сотталудан, жауапкершіліктен қорқып, өз жағдайларын жасырады. Сондықтан ресми статистика есіркіге тәуелділердің нақты санын көрсетпейді.