Хабар телеарнасы

ҚХА мен «Қазақ тілі» қоғамы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан халқы Ассамблеясы және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жиын барысында тіліміздің қоғамдағы рөлі мен оны күшейту барысындағы өзекті мәселелер талқыланды. Елімізде ана тілімізді меңгеруге ынталы этнос өкілдерінің саны артып келеді. Жиналғандар бірлескен бұл жоба мемлекеттік тілдің біріктіруші әлеуетін көтеруге, қазақ тілінің этносаралық қатынас тіліне айналуына ықпал ететініне сенім білдірді.

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Меморандумның аясында бізде жоспарда көптеген іс-шаралар бар. Әрине, бірінші кезекте бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезінде берген нақты тапсырмасы. Яғни болашақта қазақ тіліміз мемлекеттік ұлтаралық тілге айналуға тиіс деген бағыттың тұжырымдамасы бойынша біз сол бойынша нақты қадам жасайтын боламыз.