Хабар телеарнасы

Ұлытау облысындағы 25 ауылды су басуы мүмкін

Ұлытау облысында су басу қаупі бар 25 ауыл анықталды. Олардың дені Жаңаарқа ауданына қарасты. Күн күрт жылынса, ол ауылдар су астында қалуы мүмкін. Себебі өңірде биыл қар қалың. Облыстың солтүстік бөлігінде жердегі тоңның қалыңдығы 1 метрге дейін жеткен. Қазір өңірде көктемгі су тасқынына әзірлік жоспарға сай жүріп жатыр. Арықтар тазартылып, қажетті инертті материалдар мен техникалық құралдар дайындалған.

Әлібек Әбілов, ТЖБ бөлім бастығы:

-Бүгінгі таңда 270 мың текше метр қар шығарылды. Бұл жұмыстар әлі жалғасуда. Сонымен қатар жол ұйымдарының қызметкерлерімен 600-ге жуық су өткізу құбыры және көпір тазаланды. Негізгі қауіп 15-наурыздан бастап күндіз де, түнде де ауа температурасының жылынуы күтілуде. Бізде қазір дайын штаб құрамы бар.