Хабар телеарнасы

Өскеменде «Қыдыр ата» резиденциясы ашылды

Ерекше ғимарат сол жағалаудағы этно-ауылдан бой көтерген. Бүгінгі мерекелік іс-шара кезінде қазақ фольклорындағы мифологиялық кейіпкер «Қыдыр ата» жиналған халыққа батасын беріп, тілек арнады. Әжелер болса жамандықтан аластау рәсімін көрсетті. «Қыдыр ата» үйі қазақы нақышта безендірілген. Онда ұлттық аспаптар мен түрлі жәдігерлер қойылған. 

Бақыт Абырайымова, қала тұрғыны:
-Қыдыр атамыздың ортамызға келіп, батасын беріп және өзіміздің салт дәстүріміздің қайта оралғанына өте қатты қуаныштымыз. Қыдыр атамыздың батасы тілегі жас ұрпаққа өте үлкен өнеге.