Хабар телеарнасы

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арзандап келеді

Бұл туралы Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Статистика агенттігінің мәліметі бойынша азық түлік бағасы сәуір айының соңғы екі аптасында төмендеген. Бағаның өзгеру индексі -0,2% болды. Осылайша, пияз 2,6%, күнбағыс майы 1,6%, қарақұмық жармасы мен жұмыртқа 1%, ал күріш 0,5% арзандаса, макарон өнімдерінің бағасы да 0,2% төмегенден. Алайда сиыр еті 0,6% қымбаттаған. «Себебі тасымалдаушылар етті тасқын салдарынан өткізу орындарына дер кезінде жеткізе алмаған»,— дейді мамандар.