Хабар телеарнасы

StopМusor жобасының белсенділері бас қосты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлеметіне сүйенсек, әлемде жыл сайын 9 млн жуық адам өкпе ауруынан қайтыс болады. Негізі факторлардың бірі – ауаның ластануы.

Елімізде қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату деңгейі әлі де төмен. Экологияны қайтсек жақсартуға болады?

StopМusor жобасының белсенділері Eco-talks пікірталас алаңында бас қосты. Қатысушылар қоршаған ортаны қорғауға қатысты өз ойларын ортаға салды. 

Асыл Оқапова, StopМusor жобасының үйлестірушісі:
- Оқыту арқылы, түрлі тренингтер өткізу арқылы әрбір азамат қоқыс мәселелеріне көңіл аударса, су мәселелеріне көңіл аударса. Ол күнделікті біздің өміріміздегі дағдылар. Негізі көңіл аударатын мәселелер осы: қоқыс, ауа, су.