Хабар телеарнасы

Шымкентте еріктілер марапатталды

Шымкентте «Жүректен – жүрекке» акциясы аясында бір топ этнос өкілі марапатталды. Олар елдегі су тасқыны кезінде ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түсіп, ерікті түрде табиғи апатты жоюға атсалысқан.

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен құрылған арнайы бекеттерде гуманитарлық керуенді жөнелтуге көмектесті. Барлығы 120 мың тонна көрпе-төсек, киім-кешек, азық-түлік пен құтқаруға керек-жарақтар жиналды.

Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, арнайы ашылған есепшотта бүгінгі дейін 200 млн теңге жиналған.

Тимур Пак, қалалық корей этномәдени бірлестігінің өкілі:
- Біз де, Корей этномәдени бірлестігі барлығымыз жұмыла батыс жақа қор жинап, жібердік. Алдағы уақытта осы Қазақстанымызда тек жақсылық болсын дегім келеді. Табиғи және басқа да апаттар болмасын дегім келеді.