Хабар телеарнасы

Отандық фильм халықаралық кинофестивальде жүлдегер атанды

Отандық фантастикалық фильм Ресейде өткен халықаралық кинофестивальде «Көрермен көзайымы» аталымы бойынша жүлдеге ие болды. Фильм «Казахи против пришельцев» деп аталады.

Жыл сайын өтетін «Циолковский» кинофестивалі космос тақырыбына арналған. Биыл оған 20-ға тарта мемлекеттен туындылар келіп түскен.

Кинофестиваль Ресейдің Калуга қаласында өткен. Оның тақырыбына көп режиссерлар бойлай бермейді. Себебі ғарыш, өзге планета туралы фильм түсіру оңай шаруа емес. Оның үстіне ол фантастикалық жанрда болса, тіптен жүгі ауыр. Tiger Films продюсерлік компаниясы бұған алғаш рет бет бұрды. Режиссер Ален Ниязбековтың айтуынша, нәтижесі өздері күткеннен асып түскен.

Ален Ниязбеков, режиссёр:

«Циолковский» кинофестифалі аясында өзгелер сияқты біздің көрсетілім болды. Зал лық толды. Өздеріңіз білесіздер, фильмнің 30 проценті қазақ тілінде және ол қазақы әзіл-қалжыңға негізделген. Көрермендер соны түсінбей қалатын шығар деп ойладық. Cоңында келіп ізгі адами қасиеттерді насихаттайтын кино екен, деп қошемет көрсетті».

Фильм өзге планеталық жайлы. Ол 20 жыл бұрын тастап кеткен жер қоры туралы дерек жинайтын құрылғысын әкетуге келеді. Бірақ кемесі апатқа ұшырап кері қайта алмай қалады. Сөйтіп Шолпанмен танысады. Кино желісі осы екі кейіпкердің төңірегінде өрбиді. Басты рольді Бауыржан Сатов ойнады.

Бауыржан Сатов, актёр:

"Фантастикалық комедия жанрындағы туынды болғандықтан бұл енді көбісі қорықты қалай болады екен деп. Қорқудың қажеті жоқ. Міне сол кинофестивальде көргендеріңіздей үлкен бір жүлдеге «Көрерменнің көзайымы» деген әркім жете бермейді де".

Халықаралық байқауда көзге түскен продюсерлік компанияның жоспары ауқымды. Алдағы уақытта комедиялық жанрмен қоса фантастиканы қатар қолға алып, көрермендеріне жаңа туындылар ұсынбақ.