Хабар телеарнасы

Түркияда қазақша мультфильм көрсетілді

Түркияның Денизли қаласында қазақтың «Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін» мультфильмі түрік тілінде көрсетілді. Бұл іс-шара түркі әлемінің құндылықтары мен мәдени байлықтарын жалғастыру симпозиумы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Памуккале университеті және «Түркі тарихы мен мәдениеті» қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Кеште ортақ тарих пен дәстүрді дәріптеу үшін бірлесіп мультфильм түсіру қажеттігі айтылды. «Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін» кітабының түрік тіліндегі нұсқасы да таныстырылды.

Дурмуш Акалын, Памуккале университетінің проректоры:
- Бүгінгі жаһандану кезеңінде дәстүріміз бен құндылықтарымызды сақтап, ұлықтау маңызды. Әрбіріміз оны отбасынан, білім беру ордаларынан бастауымыз қажет. Жастарға терең білім беріп, маңыздылығын барынша жан-жақты түсіндіргеніміз жөн.

Нергиз Бирай, түркітанушы:
- Отбасынан алған құндылықтарымыз бертін келе мектеп пен жоғары оқу орындарында алған білімізізбен толығады. Соның ең маңыздысы ана-анадан алған тәрбиеміз.  Егер сол мықты болса, келешекте ешқандай фактор оған әсер ете алмайды