Хабар телеарнасы

Абай облысындағы өрт: қостанайлықтар қазаға көңіл айтты

Абай облысы тұрғындарының басына түскен қасіретті әсіресе қостанайлықтар жақсы түсінеді. Өткен күзде осындай алапат өрттің Аманқарағай орманы мен ауыл тұрғындарына әкелген зардабы ұмытылған жоқ. Сол қиын-қыстау кезде халқымыз жұдырықтай жұмылып, табиғи апаттың зіл батпанын бірге көтерген. Абай облысында орман өртінің салдырынан қайғы жұтқан жандарға қостанайлықтар да көңіл айтып, жұбаныш сөздерін жеткізді. 

Әсия Беркенова, халық ақыны: 
- Тек қана еліміздің 4% алып жатққан орманға келген зиян емес, бұл адамның жанына, адамның санына, әр жанұяның басына түскен қаралы, қайғылы жағдай болып тұр. Сондықтан Қазақ елін бекем болуға шақырамын. Біз әрдайым жанымызбенен, рухымызбенен сондай қиындық кешкен жандарменен біргеміз дегенді айтқымыз келеді.