Хабар телеарнасы

Түркістан облысының тұрғынынан конго-қырым қанды қызбасы анықталды

40 жастағы азамат Қазығұрт ауданындағы қоражайда мал бағумен айналысқан. Кене шаққаннан кейін дене температурасы көтеріліп, қан кету және құсу белгілері байқалған. Әбден ауруы асқынған науқас аурухана дәрігерлеріне қаралмақ болып Шымкентке жеткізілген. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері хабарлады. Айта кететін жайт, биыл шаһарда 608 адамды кене шағып, медициналық көмекке жүгінген. Аймақта қауіпті жәндікке қарсы дезинсекция жұмыстарының екінші кезеңі басталды.

Азамат Тасболтаев, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің бас маманы:
-Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігер инфекционист мамандарымен конго-қырым қанды геморрагиялық қызбасы расталған жағдай ауыр дәрежелі диагнозы қойылған. Қарым-қатынаста болған барлық отбасы мүшелері, қаралған медициналық мекемедегі қызметкерлер барлығы 14 күндік медициналық бақылауға алынды.