Хабар телеарнасы

БҚО-да сотталушы 3 фельдшерді соққыға жықты

Батыс Қазақстан облысында қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері колониядағы дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай отыр.

Жуырда №28 жазасын өтеу мекемесінде 3 фельдшер сотталушыдан таяқ жеп қалды. Жапа шеккендердің айтуынша, түрмедегі азамат тамырына дәрі тамызуды сұраған. Ал дәрігер оның бүйрегінде тас бар екенін айтып, басқа ем тағайындаған. Онымен келіспеген жазасын өтеуші медицина қызметкерлеріне қол жұмсаған. 

Әмина Дармағамбетова, №2 қалалық емхана директорының орынбасары:
- Сотталушы тарапынан болған шабуылдан кейін 3 қызметкеріміз де жарақат бөліміне барды. Амбулаториялық ем тағайындалды. 3 де қазір еңбекке жарамсыздық парағын алды. Біреуінің ерні жырылған, енді бірінің ішіне тиген соққыдан кеудесі қанталап кеткен, үшіншісінің иығы көгерген.

Назымгүл Әубәкірова, медбике: 
- 27 жылға келгендер бар, 25 жылға келгендер бар. Ішке кіруге біз де қорқып тұрмыз. Талап – астына кнопкаларын қойсын. Дабыл конопкасын қойсын. Сосын бізге офицер қойсын қасымызға.

Қылмыстық атқару жүйесі департаменті де, жазасын өтеу колониясының басшылығы да болған оқиғаға қатысты ақпарат беруден бас тартты. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазір қызметтік тексеріс жүріп жатқан көрінеді. Фельдшерлерге қол көтерген сотталушының үстінен қылмыстық іс қозғалған.