Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Әріптесінің достас Әзербайжанның әлеуметтік-экономикалық дамуына, БҰҰ Жарғысы мен осы ұйымның Қауіпсіздік кеңесінің шешіміне сәйкес мемлекеттің территориялық тұтастығын қорғауға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты бірлескен міндеттер, сондай-ақ халықаралық аренадағы ықпалдастық жайын талқылады. Ильхам Әлиев қазақстандық компанияларды Таулы Қарабақты қайта қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға шақырды.