Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев: еліміз Ауғанстанға жан-жақты қолдау көрсете береді

Ашраф Ғани Қазақстанның ауған ішіндегі диалогты тұрақты түрде қолдап, кең көлемде экономикалық көмек көрсетіп келе жатқаны үшін алғысын білдірді. Бұл іс алдағы уақытта да жалғасады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Ауғанстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экономикасы мен әлеуметтік инфрақұрылымын қайта қалпына келтіру жөніндегі халықаралық және аймақтық форумдардың жұмысына белсенді қатысады. Екі ел арасындағы жан-жақты байланыстарды жандандыру мақсатында ерекше тапсырмалар бойынша елші дәрежесіндегі арнайы өкіл институты құрылған.

Осы жылдың бірінші жартысында елімізге Ауғанстаннан үкіметтік делегация келеді. Президенттер кездесу барысында ынтымақтастықтың басқа да бағыттары бойынша диалогты одан әрі жалғастыру жөнінде уағдаласты. Қасым-Жомарт Тоқаев Ашраф Ғаниді елімізге ресми сапармен келуге шақырды.