Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов Мемлекет басшысының қабылдауында болып, жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс туралы айтып берді. 4 ай бұрын күшіне енген жаңа құжат шенеуніктердің ойлау жүйесін өзгертіп, тәртібін күшейтуге бағытталған. Сондай-ақ ол Президентке сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа жобалар туралы да айтып берді. Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіліп жатқан реформалар сотқа деген қоғамның сенімін күшейтуі қажеттігін тағы бір мәрте еске салды.