Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев: Ассамблея Ұлттық құрылтаймен бірлесіп жұмыс істеуі керек

Қ. Тоқаев: Ассамблея Ұлттық құрылтаймен бірлесіп жұмыс істеуі керек

ҚХА сессиясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ассамблея Ұлттық құрылтаймен бірлесіп, тиімді жұмыс істеуі керек. Себебі, түптеп келгенде, екеуінің мақсаты – ортақ. Ауқымды өзгерістерге жастардың да белсене қатысқаны абзал. Кеше тұңғыш рет Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар сессиясы өтті. Оның ұсынымдарын мұқият зерделеу қажет», - деді.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Екінші Республиканы бірге құруға шақырды.

«Біз барлық жоспарымызды міндетті түрде жүзеге асырамыз. Мен бұған кәміл сенемін. Біз Екінші Республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз! Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз!», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.