Хабар телеарнасы

Нидерланды компаниялары елімізде инвестиция тарту көзін көбейтпек

Бұл жолы 400 млн еуро қаражат бөлмек. Мультимиллиард индустриясын дамытқан мемлекет әсіресе ауыл шаруашылығынан қызанақ, жүзім, дәндерден жүгері өсіру тәжірибесін ұсынды. Ал сүт өнімдеріне келсек, төрт түліктің жемшөбін беруге роботтар жауапты болуы мүмкін. Бұдан бөлек инвесторлар экология, денсаулық сақтау саласын да қаржыландырмақ. Тиісінше, мамандарымыз субсидиялау жағынан мемлекеттің де қолдауы бар екенін айтты. Жиын соңында аталған 4 бағыт бойынша екіжақты меморандумға қол қойылды.

Андре Карстенс, Нидерланды Королдігінің Қазақстандағы Елшісі:
- Сіздерде ауыл шаруашылығындағы жер аумағы кең. Бұл жерлердің игеру көлемін тағы да кеңейту керек деп ойлаймын. Сондықтан келісім арқылы біз бір-бірімізге пайдамызды тигізе аламыз. Серіктестігіміз әрі қарай да нығая түседі. Ауыл шаруашылығын қолдау маңызды екенін білеміз. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтің ел экономикасын дамыту жолындағы саяси бағыттарының бірі.