Хабар телеарнасы

Кезектен тыс президенттік сайлауға кандидаттардан құжат қабылдау аяқталды

Олар қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» өкілі Нұрлан Әуесбаев, «AMANAT» кәсіподақтар достастығынан Мейрам Қажыкен, «Ауыл» партиясынан Жигули Дайрабаев және «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсынан» Қарақат Әбден. Тағы жеті үміткердің құжаттары қаралып жатыр. 

Мұхтар Ерман, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:
- Барлық кандидат заңнама талаптарына сай немесе сай еместігі жақын күндері анықталады. Кандидаттарды тіркеу кезеңі осы жылдың 21 қазаны сағат 18:00 дейін жүргізіліп, аталған уақытта аяқталады.