Хабар телеарнасы

Тұрсынбекова үгіт-насихат науқанын Алматыда жалғастырып жатыр

Жиында кандидаттың сайлауалды бағдарламасы толық түсіндірілді. Бұдан бөлек кездесуде зияткерлік меншік мәселесі талқыланды. Салтанат Тұрсынбекованың айтуынша, қазір ең тиімді нәтижені білім экономикасы береді. Олар: жаңа технологиялар мен ноу-хаулар. 

Салтанат Тұрсынбекова, президенттікке кандидат:
-Қазір Қазақстанда зияткерлік меншікті қорғау іс жүзінде жұмыс істемейді. Өкінішке орай біреудің еңбегін, меншігін иемденіп алу күнделікті құбылысқа айналып, үйреншікті болып бара жатыр. Өнер туындысын ұрлағаны үшін де жаза бар. Бірақ бұл заңды көбі біле бермейді. Себебі қоғам арасында ондай мәдениет қалыптаспаған.