Хабар телеарнасы

Әкімдер есебі жалған болып шықты

Жалпы қыстың басталғаны жаңа ғана еліміздің 8 қаласының жылу беру жүйесінде апат орын алып үлгерген. Ал көктемге дейін бүрсең қақпай жететінімізге кепілдік жоқ. Себебі нақты жағдай есепте көрсетілгеннен әлдеқайда нашар болып шықты. Сандар сөйлесін. Жылу электр орталықтары 60, жылу желілерінің тозуы 55% дейін жеткен. 37 осындай стратегиялық нысанның он тоғызына қызыл деген статус беріліпті. Қалаған 11 –нің жағдайы орташа, 7-і ғана қалыпты деп бағаланған. Келер жылдан бастап ахуалды оңалту бойынша ауқымды бағдарлама басталатын болды. Ал 2027 жылы мәселе толық шешілуі тиіс. 

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі: 
- Біз қыркүйек айында осы мәселеге қатысты арнайы үкімет отырысын өткізгенбіз. Сол кезде әкімдеріктер жылу беру маусымына дайынбыз деді. Жалған ақпараттың соңы тарихта болмаған сорақы жағдайға алып келді. Екі айдың ішінде екі бірдей ірі апат болды. Риддер мен Екібастұзда. Сонымен бірге Өскемен, Рудный, Теміртау, Семей, Ақтау және Павлодар қалаларының жылу беру жүйесінде де қауіпті жағдайлар орын алды.