Хабар телеарнасы

ҚР ОСК: үміткерлер саны 14 мыңнан асты

14 мың 207 адам. Бұл 19-наурызда өтетін сайлауға ұсынылған үміткерлердің саны. Орталық сайлау комиссиясының дерегінше 7 саяси партиядан Мәжіліс депутаттығына партиялық тізім бойынша 283 кандидат ұсынылған. Сондай-ақ Парламенттегі орынға мажоритарлық округтар бойынша 609 үміткер таласуға ниет танытқан. Жергілікті мәслихаттар депутаттығына да бәсекелестік айтарлықтай жоғары. 3 мың 415 мандатқа - 13 мыңнан астам кандидат ұсынылыпты. Бұл партиялық тізім мен өз-өзін ұсынғандардың жалпы саны.