Хабар телеарнасы

Астанадағы аумақтық сайлау комиссиясы да маслихат депутатығына үміткерлерді тіркеп жатыр

«АMANAT» партиясынан қатысатын кандидаттарға үміткер куәлігі табысталды. Саяси ұйым жастар, әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға берілетін квотаны сақтай отырып 33 адам ұсынған болатын. Олардың бәрі заң талабына сәйкес деп танылыпты. Айта кетейік, қалалық мәслихаттағы мандатқа 6 партия өз тізімін ұсынған.